HP Color LaserJet CM1410 сериясы, HP Color LaserJet CP1520 сериясы және HP LaserJet M1530 сериясы
Орнату жөніндегі ескертулер

Edition 1, 9/2010

 

 

МАЗМҰНЫ

I. КІРІСПЕ
II. ОРНАТУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР
III. ЕҢ СОҢҒЫ АҚПАРАТ
IV. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ
V. ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕМЕЛЕР

 

I. КІРІСПЕ

ОСЫ ҚҰЖАТТЫҢ МАҚСАТЫ

Бұл файлда орнату, үйлесімділік және ақаулықтарды табу мен жою туралы арнайы ақпарат берілген. Өнім және драйвердің мүмкіндіктері туралы қосымша ақпарат алу үшін, өнімді пайдалану нұсқаулығын және әрбір бағдарламалық құрал құрамдасында қамтылатын электрондық анықтаманы қараңыз.

ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛЕТІН ОПЕРАЦИЯЛЫҚ ЖҮЙЕЛЕР

Өніммен берілетін CD дискісінде мына операциялық жүйелерге арналған бағдарламалық құралдар бар:

Windows® XP 32 биттік (2-жаңарту бумасы және одан жоғары)

Windows Vista® 32 биттік және 64 биттік

Windows 7 32 биттік және 64 биттік

Windows Server 2003 32 биттік (3-жаңарту бумасы)

Windows Server 2008 32 биттік және 64 биттік

Төмендегі операциялық жүйелерде ұсынылатын бағдарламалық құрал құрамдастарын қолдануға болады:

Windows XP 32 биттік (2-жаңарту бумасы және одан жоғары)

Windows Vista 32 биттік және 64 биттік

Windows 7 32 биттік және 64 биттік

Ұсынылатын бағдарламалық құрал келесі құрамдастардан тұрады:

HP LaserJet анықтамасы және мәліметтер орталығы

HP LaserJet Toolbox

HP LaserJet PCL 6 басып шығару драйвері

HP желілік тіркелу

HP LaserJet сканерлеу бағдарламасы (тек көп функциялы өнімдерде)

HP LaserJet факс жіберу бағдарламасы (тек көп функциялы өнімдерде)

HP LaserJet факс орнату утилитасы (тек көп функциялы өнімдерде)

HP LaserJet факс драйвері (тек көп функциялы өнімдерде)

ЕСКЕРТУ: Бағдарламаны орнату экранынан «Қосымша орнату опцияларын көру үшін осы жерді басыңыз» пәрменін таңдау арқылы ұсынылған бағдарламалық құралдардың орнына бағдарламалалық құралдардың ең аз жинағын орнатуға болады.

Келесі операциялық жүйелерде бағдарламалық құрал құрамдастарының ең аз жинағын ғана қолдануға болады:

Windows Server 2003 32 биттік (3-жаңарту бумасы)

Windows Server 2008 32 биттік және 64 биттік

Бағдарламалық құралдардың ең аз жинағы келесі құрамдастардан тұрады:

HP LaserJet PCL 6 басып шығару драйвері

HP LaserJet сканерлеу бағдарламасы (тек көп функциялы өнімдерде)

HP LaserJet факс жіберу бағдарламасы (тек көп функциялы өнімдерде)

HP LaserJet факс орнату утилитасы (тек көп функциялы өнімдерде)

HP LaserJet факс драйвері (тек көп функциялы өнімдерде)

Linux туралы ақпарат және принтер драйверін алу үшін, мына веб-торапқа кіріңіз:
www.hp.com/go/linux

UNIX® туралы ақпарат және принтер драйверін алу үшін, мына веб-торапқа кіріңіз:
www.hp.com/go/jetdirectunix_software

БАСПА ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРАМДАСТАРЫНА ШОЛУ

Windows ықшам дискісінің ішінде IBM компаниясының компьютерлік жүйелерімен үйлесімді бағдарламалық құралдар бар. Арнайы драйверлер немесе бағдарламалық құрал құрамдастары туралы толық ақпаратты осымен байланысты электрондық анықтамадан қараңыз.

Драйверлер

Драйвер дегеніміз — бағдарламалық құрал қолданбаларының өнім мүмкіндіктеріне қол жеткізуіне мүмкіндік беретін бағдарламалық құрал. Әдетте әр өнімнің драйверлерін орнату керек. Өніммен берілетін басып шығару жүйесінің бағдарламалық құралының ықшам дискісінде төмендегі Windows драйверлері бар:

Жоғарыда айтылған операциялық жүйелерді қолдайтын HP PCL6 басып шығару драйвері

TWAIN үйлесімділігі бар HP WIA сканерлеу драйвері.

Бағдарламалық құрал қолданбалары

HP ToolboxFX

HP LaserJet анықтамасы және мәліметтер орталығы (өнімді пайдалану нұсқаулығына және ақаулықтарды табу мен жою туралы ақпаратқа қол жеткізуге мүмкіндік береді)

Жою бағдарламасы

Қосымша драйверлерді Hewlett-Packard таратушыларынан немесе интернет ресурстардан алуға болады. Драйверлер мен басқа HP бағдарламалық құралдарын алу туралы толық ақпаратты осы құжаттың «Техникалық қолдау» бөлімінен немесе өнімді пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.

HP ToolboxFX

Басып шығару жүйесінің бағдарламалық құралдарына HP ToolboxFX бағдарламалық құралы кіреді. HP ToolboxFX тонер мен қағаз деңгейлері секілді өнімнің күйі туралы ақпарат береді және өнімге көңіл бөлу керек болған кезде қалқымалы дабыл хабарларын шығарады. Сондай-ақ, HP ToolboxFX құралын өнімнің параметрлерін реттеу үшін қолдануға болады.

HP анықтамасы және мәліметтер орталығы

HP анықтамасы және мәліметтер орталығы ұсынылатын бағдарламалық құралдар жиынымен орнатылады және өнімнің құжаттары мен анықтамаларына қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бағдарламалық құралдарды орнатпай, өнімнің құжаттарын ұсынылатын көру үшін ықшам дискіні CD-ROM жетегіне салыңыз. Орнату экраны шыққан кезде оның сол жағындағы құжаттама түймешігін басыңыз.

Жою бағдарламасы

Жою бағдарламасы арқылы Windows HP басып шығару жүйесінің құрамдастарын жоюға болады. Нұсқауларды «Жою бағдарламасы» бөлімінен қараңыз.

II. ОРНАТУ ТУРАЛЫ НҰСҚАУЛАР

Ықшам диск арқылы орнату немесе орнату бағдарламалық құралы іске қосылған операциялық жүйенің нұсқасын және тілін анықтайды.

БАҒДАРЛАМАЛЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ОРНАТУ

Ескерте: Басып шығару жүйесін орнату үшін әкімші артықшылықтары қажет.

Ескерту: USB арқылы орнату үшін, бағдарламалық құрал нұсқау бермейінше, USB кабелін компьютерге немесе өнімге ҚОСПАҢЫЗ!

Барлық бағдарламаларды жабыңыз.

Ықшам дискіні салыңыз.

Егер HP басып шығару жүйесінің орнату бағдарламасы 30 секундтан кейін іске қосылмаса, 4-6 қадамдарды орындаңыз.

Оң жақ «Бастау» мәзірінің ішінен Бастау түймешігін басып , содан соң Компьютер немесе Менің компьютерім тармағын таңдаңыз.

Ықшам диск жетегінің түбірлік каталогына өтіңіз.

«AUTORUN.EXE» файлын екі рет басыңыз.

Бағдарламалық құралдарды орнатуды бастау үшін Орнату түймешігін басыңыз .

Бағдарламалық құралдарды орнатуды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

ЖОЮ БАҒДАРЛАМАСЫ.

Жою бағдарламасының утилитасын ұсынылатын немесе бағдарламалық құралдардың ең аз жинағы орнатылған болса қолдануға болады. Жою бағдарламасы HP басып шығару жүйесінің бағдарламалық құрал құрамдастарын жояды.

Бастау мәзірінің ішінен Барлық бағдарламалар тармағын, одан кейін HP тармағын таңдаңыз. Егер бірнеше HP өнімі бар болса, қажетті өнімді таңдап, бағдарламалар тобындағы Бағдарламаны жою түймешігін басыңыз.

Бағдарламалық құралды жоюды аяқтау үшін экрандағы нұсқауларды орындаңыз.

III. ЕҢ СОҢҒЫ АҚПАРАТ

БЕЛГІЛІ МӘСЕЛЕЛЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ

Жалпы:

SNMP қоғамдастық атауын HP ToolboxFX құралына немесе орнатылған веб-серверге қоюға болады. Егер қоғамдастық атауы «қоғамдық» атаулардан басқаға өзгертілсе, желілік сканерлеу жұмыс істемейді.

Қорғау жүйесі HP бағдарламалық құрал орнатушысының жұмысына кедергі келтіруі мүмкін. Желілік орнату жасамас бұрын қорғау жүйесін өшіріңіз, әйтпесе өнім анықталмауы мүмкін.

Кейбір жоғары жылдамдықты USB 2.0 карталарында белгісіз басты компьютерді қадағалау драйверлері болады. Егер USB 2.0 құрылған карта сатып алып оның белгісіз драйвері болса, құрылғы мен HP бағдарламалық құралының арасында драйверді орнату ақаулықтары немесе байланыс қиындықтар туындауы мүмкін. USB жабдығымен әрқашан Microsoft WHQL арқылы куәландырылған басты компьютерді қадағалау драйверлерін пайдалану ұсынылады.

Ең төменгі жүйе талаптарына ғана сәйкес келетін жүйелерге қызмет шектелген. Көптеген суреттер мен видеолар қанағаттандырарлық сапада көрсету және сенімділік үшін ұсынылатын жүйе талаптарына сәйкес келетін жүйелерді талап етеді.

Егер бағдарламалық құралды орнату кезінде өнім анықталмаса, мыналарды тексеріңіз:

 
Кабель жоғары жылдамдықты USB 2.0 стандартына сәйкес келетініне көз жеткізіңіз.

 
USB кабелінің дұрыс жалғанғанын тексеріңіз. USB кабелін шығарып тастап, оның артқы жағын тексеріп, содан соң USB портының нұсқасына сәйкестендіріңіз. Оның теріс орнатылмағанын тексеріңіз. USB кабелінің бір жағын HP өнімінің USB портына толығымен салып, екінші жағын компьютердің артқы жағына жалғаңыз.

 
Өнімнің қосулы екенін тексеріңіз. Егер өнім қосылмаса, бағдарламалық құрал оны таппайды.

 
USB кабельдің ұзындығы 5 метрден (16,4 фут) аспауын қамтамасыз етіңіз.

 
USB порттың іске қосулы екенін тексеріңіз. Кейбір компьютерлер ажыратылған USB портымен келеді.

Windows жүйесін жаңарту

Windows жүйесінің соңғы нұсқасының жаңартуын жасамас бұрын HP өз өнімдерін жоюды ұсынады. Мысалы, Windows Vista жүйесін Windows 7 жүйесіне жаңарту кезінде, HP өнімін HP бағдарламалар тобында берілген Жою Бағдарламасы арқылы (Жою бағдарламасы бөлімін қараңыз) жойып, содан соң жаңа операциялық жүйеге ауыстырыңыз. Операциялық жүйенің жаңартылуы аяқталған кезде, HP өнімін HP.com торабындағы соңғы бағдарламалық құралдың көмегімен қайта орнатыңыз.

IV. ТЕХНИКАЛЫҚ ҚОЛДАУ

Тұтынушыны қолдау туралы ақпарат алу үшін пайдаланушы нұсқаулығын немесе қораптағы қолдау парақшасын қараңыз немесе жергілікті өкілетті HP дилеріне хабарласыңыз.

Сондай-ақ, электрондық техникалық қолдау алу үшін мына URL(s) мекенжайын шолуыңызға болады:

HP Color LaserJet CM1410 сериясына техникалық қолдау алу үшін - www.hp.com/support/CM1410series

HP Color LaserJet CP1520 сериясына техникалық қолдау алу үшін - www.hp.com/support/ljcp1520series

HP Color LaserJet M1530 сериясына техникалық қолдау алу үшін - www.hp.com/support/ljm1530series

V. ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘЛІМДЕМЕЛЕР

САУДА БЕЛГІЛЕРІ БОЙЫНША ЕСКЕРТУ

Adobe®, Acrobat® және Adobe® PostScript® 3™ — Adobe Systems корпорациясының сауда белгілері.

ENERGY STAR® және ENERGY STAR® белгісі тіркелген АҚШ белгілері болып табылады.

Microsoft®, Windows®, Windows Vista® және Windows® XP — Microsoft корпорациясының АҚШ-та тіркелген сауда белгілері.

UNIX® — Open Group тобының тіркелген сауда белгісі.

КЕПІЛДІК ЖӘНЕ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚ

Кепілдік

Кепілдік пен қолдау жөніндегі толық ақпаратты өнімді пайдалану нұсқаулығынан қараңыз.

Авторлық құқық

© 2010 Copyright Hewlett-Packard Development Company, L.P.

Авторлық құқықтар бойынша рұқсат етілген жағдайларды қоспағанда, алдын ала жазбаша рұқсатсыз осы құжатты жаңғыртуға, бейімдеуге немесе аударуға тыйым салынады.

Осы құжатта берілген ақпарат ескертусіз өзгертіледі.

НР өнімдері мен қызметтеріне қоса берілетін кепілдеме жөніндегі мәлімдемелерде нақты түрде көрсетілген өнімдер мен қызметтерге берілетін кепілдемелер ғана мойындалады. Осы құжаттағы ешнәрсе қосымша кепілдік деп түсінілмеуі тиіс. HP компаниясы осы құжатта кеткен техникалық немесе редакциялық қателер немесе қателіктер үшін жауапты емес.